11-14 желтоқсан күндері мамандандырылған бокс клубында тәуелсіздік күніне орай спорт мектептері арасында Атырау облысының кубогі өтті. Командалық сында аудандар мен қаладан 11 команда қатысты.

120-дан аса жас былғары қолғап шеберлері бас қосқан бәсекеде Құрманғазы ауданының спортшылары үздік атанды. Олар ақтық сында Атырау қалалық №3 балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің боксшыларын тартысты кездесуде 5:4 есебімен ұтты.

Ал үшінші орын үшін бәсекеде Махамбет ауданының боксшылары жылыойлықтардан басым түсті.

Атырау облысы Кубогінің үздіктерін Атырау облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Ринат Ибрагимов және облыстық бокс федерациясының атқарушы директоры Батырхан Халықов марапаттады.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді жазыңыз!
Өтінеміз, аты-жөніңізді дазыңыз