9-14 желтоқсан күндері Тараз қаласында Үсенбаев Абдусалям Қоңқаұлын еске алуға арналған 2004-2005 жылы туылған жасөспірімдер арасындағы бокстан Қазақстан Республикасының аймақтық чемпионаты өтті.

Оңтүстік-Батыс аймақтық чемпионатта Арсен Рахымов чемпион атанды. 75 келі салмақта жұрыдықтасқан ол төрт кездесу өткізіп, барлығын айқын басымдылықпен ұтты. Екі кездесуін уақытынан бұрын аяқтады.

Айта кету керек, Арсен Қамбар Андашевті еске алуға арналған ашық Республикалық турнирде, Талғат Қалимовты еске алуға арналған республикалық турнирде жүлдегер атанған болатын. Былтыр ол Қызылорда облысында өткен Қазақстан чемпионатында күміс жүлдеге қол жеткізді.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді жазыңыз!
Өтінеміз, аты-жөніңізді дазыңыз