Атырау облысында жыл қорытындысы бойынша ең үздік спортшыларды марапаттады. «Жыл серпілісі» номинациясына Аманат Сабырғали лайықты деп танылды.

Аманат Атырау облысы тарихында тұңғыш рет Моңғолия астанасы Ұлан-Батыр қаласында өткен Азия чемпионатының жеңімпазы атанды. Боксшымыз үстімідегі жылы Ресейде өткен Халықаралық турнирде күміс жүлдеге және Ділдәбеков атындағы турнир мен Тараздағы халықаралық турнирде алтын медальға ие болды. Маусым айында Венгрияның Эгер қаласындағы бокс турнирінде алтын жүлде еншіледі.

Олимпиадалық спорт түрлері бойынша «ең үздік жаттықтушы» номинанты ретінде Аманаттың жаттықтырушысы Ерлан Сахипов танылды.

Одан бөлек жаттықтырушылар Мейрамғали Абсенов пен Есбол Байдошев Атырау облысы Дене шынықтыру және спорт басқармасының алғыс хаттарына ие болды.

Айта кету керек «Спортық жүлде 2019» шарасына Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген танымал боксшылар: Болат Жұмаділов, Жанат Жақиянов және Әділбек Ниязымбетовтар қатысты.

На изображении может находиться: 2 человека, люди стоят и костюм

 

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді жазыңыз!
Өтінеміз, аты-жөніңізді дазыңыз