Қазақстандық кәсіби боксшы Садриддин Ахмедов — бірінші орта салмақта өнер көрсетеді, WBC Youth World нұсқасы бойынша жастар арасында әлем чемпионы және WBC Asia чемпионы. Канаданың Монреаль қаласында өткен кәсіби бокс кешінде аргентиналық спортшымен кездесіп, жеңіспен аяқтады. Бұл оның шаршы алаңға 11-ші шығуы.

Садриддин әуесқой бокс пен кәсіпқой бокстағы айырмашылық және қателіктермен қалай жұмыс жасау керек екенін жас спортшыларға айтып берді.

Жаттығу кезінде аянбай тек көккен спортшы ғана жақсы нәтижеге қол жеткізеді. Үш-төрт мәрте жаттығуды жіберіп алсаң ол шаршы алаңда бірден сезіледі. Спортта бастысы тұрақтылық пен табандылық, — дейді спортшы.


Айта кету керек, Атырау облысының жастар құрамасы өте маңызды дода, Қазақстан Республикасының чемпионатына дайындық үстінде. Чемпионат 20-25 қаңтар күндері қаламызда өтеді. Садриддин атыраулықтарға кем дегенде екі алтын медаль алсын деген тілегін білдіріп, сәттілік тіледі

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді жазыңыз!
Өтінеміз, аты-жөніңізді дазыңыз