6-9 қаңтар күндері Махамбет ауданында Атырау облысы дене шынықтыру және спорт басқармасы мен Атырау бокс федерациясының ұйымдастыруымен бокстан 2006-2007 жылы туылған жасөспірімдер арасындағы Атырау облысының чепионаты өтті.

Басты мақсат ақпан айында Ақтөбе қаласында өтетін аймақтық Қазақстан чемпионатына іріктеу жасап, мықты деген боксшыларды таңдап алу, — дейді жасөспірімдер құрамасының аға жаттықтырушысы Айбек Нысанбаев.

Чемпионатқа қала мен аудандардан барлығы 150 боксшы қатысты

Жарыс қонағы ретінде Еуропа чемпионатының қола жүлдегері, КСРО әуесқой жарыстарының екі дүркін чемпионы (1984-1990ж.ж). КСРО-ның халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы, AIBA халықаралық дәрежедегі төрешісі Абдрахманов Кәрімжан Балтабайұлы қатысты.

Белгілі спорт маманына Махамбет аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Ержан Андашев дәстүр бойынша шапан жапты.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді жазыңыз!
Өтінеміз, аты-жөніңізді дазыңыз