20 қаңтар күні «Жайық» спорт кешенінде 2002-2003 жылы туған жастар арасында Қазақстан Республикасы чемпионатының ашылу салтанаты өтті. Еліміздің түкпір-түкпірінен келген 200-ден астам былғары қолғап шебері өзара мықтыны анықтайтын болады.

На изображении может находиться: 1 человек, стоит

Сайысқа Атырау облысы Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Ринат Ибрагимов, Федерация президенті Данбай Шухрат және Олимпиада ойындарының чемпионы Ермахан Ибраимов секілді белгілі спорт қайраткерлері қатысып, спортшыларға сәттілік тіледі.

Атырау жері Қазақстан чемпионаты секілді айтулы додаларды өткізуді абырой санайды. Бұл алдымен жас спортшыларымызға үлкен мүмкіндік. Жастарды боксқа тарту мақсатында осы секілді спорттық шараларды облыста көптеп өткізуді жалғастыра беретін боламыз, — дейді басқарма басшысы Ринат Ибрагимов.

На изображении может находиться: 1 человек

Сайыс қорытындысында үздіктер іріктелініп, алдағы уақытта Азия және әлем чемпионаттарында ел намысын қорғайтын құрам жасақталатын болады.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді жазыңыз!
Өтінеміз, аты-жөніңізді дазыңыз