26 қаңтар мен 2 ақпан күндері Екібастұз қаласында 2004-2005 жылы туылған жасөспірім қыздар арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті.

Әлібек Көшенов бастаған бес қызымыздың үшеуі жүлде тұғырынан көрініп, 1 күміс және 2 қола медаль еншіледі.

63 келі салмақ дәрежесінде үш кездесу өткізген Ақнар Ищанова ақтық сынға дейін жетіп, күміс жүлдегер атанды.

44 келі салмақта Малика Есенова да үш кездесу өткізіп қола жүлдегер атанса, Арайлым Есенғалиева 50 келі салмақта екі кездесу өткізіп үздік үштікті қорытындылады.

Бапкерлер: Әлібек Көшенов, Бейбіт Ищанов, Мейрамғали Абсенов.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді жазыңыз!
Өтінеміз, аты-жөніңізді дазыңыз