18-22 ақпан күндері Украинаның Кривой Рог қаласында атақты боксшы және жаттықтырушысы Александр Асауленконы еске алуға арналған БүкілУкраиналық турнир өтті.

Турнирге Украина, Армения, Молдава, Израил және Қазақстаннан 130-дан астам боксшы қатысты. Сайыс АИБА ережесі бойынша 1980-2001 жылы туылған ересектер арасында өтті. Жүлде қоры 500 мың гривенді құрады. Оны сегіз салмақ дәрежесіндегі жеңімпаздар мен жүлдегерлер иеленді.

Нұрлан Айтуаров бастаған Атырау облысының боксшылары 4 қола жүлдеге ие болды. 52 келіде Олжас Байниязов, 57 келіде Нартай Ибадулла, 75 келіде Райс Нұрқанат және аса ауыр салмақта Еркін Мұхамеджан жүлделі орындардан көрінді.

Айта кету керек, Украина шашы алаңына тоғыз атыраулық боксшы шыққан болатын. Олар: Баниязов Олжас (1992) — 52 кг, Сайфуллин Азамат (2000) — 57 кг, Ибадулла Нартай (1998) -57 кг, Рахметолла Еламан (2000) — 63 кг, Пернебаев Нурдаулет (2000) — 63 кг, Бiтiмов Абылайхан (2000) — 69 кг, Сапенов Казбек (1998) — 69 кг, Райыс Нурканат (2000) — 75 кг, Еркiн Мухаметжан (1994) + 91 кг

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді жазыңыз!
Өтінеміз, аты-жөніңізді дазыңыз