11-16 ақпан күндері Ақтөбе облысының Шалқар қаласында Кеңес Одағының батыры Ідіріс Үргенішбаевтың жүлдесі үшін бокстан 2006-2007 жылы туылған жасөспірімдер арасында Батыс аймақтық Қазақстан чемпионаты өтті.

Сайысқа Қызылорда, Маңғыстау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан және Атырау облысынан 134 боксшы қатысты. Айбек Нысанбаев бастаған Атырау облысының боксшылары 1 алтын, 2 күміс және 7 қола медаль еншіледі.

40 келі салмақта Марат Ануарбек алтын жүлдегер ғана атанып қоймай, аймақтық чемпионаттың «ең үздік» боксышы атағына ие болды.

Қос күміс жүлдені 33 келі салмақта Алмас Хиникин және 58 келіде Жандос Алпысбаев еншіледі. Алмас турнирде ерекше шеберлігімен көзге түсіп, Нұр Отан партиясы Ақтөбе облысы филиалының алғыс хатымен марапатталды.

Қола жүлде иеленген спортшылар Сембай Нұрболат 49 кг, Асылбек Тәжібай 52 кг, Төлеген Мирас 58 кг, Дінмұхаммед Дүйсенбай 61 кг, Айтуар Жеңісбай 61 кг, Нұрлыжан Маратов 70 кг және Альберт Қажиетов +70 кг.

Батыс аймақтық Қазақстан чемпионатының қорытындысы бойынша алты атыраулық боксшы наурыз айында Шу қаласында өтетін ақтық кезеңге жолдама алды.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді жазыңыз!
Өтінеміз, аты-жөніңізді дазыңыз