2-8 ақпан күндері Өскемен қаласында Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына, екінші дүниежүзілік соғыстың 75 жылдығына орай және Қазақстанның Халық Қаһарманы Қасым Қайсеновты еске алуға арналған жасөспірімдер арасында бокстан Халықаралық турнир өтті.

Жақын шет елден кіл мықтылар жиыналған сайысқа атыраулық спортшылар да қатысып, қос медальға ие болды. 46 келі салмақта Рүстем Айдар Әзірбайжан, Өзбекстан және Қырғызстан елдерінің бірінші номерлі боксшыларын ұтып, керемет нәтижеге қол жеткізді.

Жарыс қорытындысы бойынша атыраулық спортшы турнирдің ең үздік боксшысы атанды. Ал 54 келі салмақта Арман Шомболов та ақтық сынға дейін жетіп, күміс жүлдеге ие болды.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді жазыңыз!
Өтінеміз, аты-жөніңізді дазыңыз