Атырау облысының кіші жасөспірімдер құрамасы Батыс аймақтық Қазақстан чемпионатына тыңғылықты дайындық үстінде.

6-9 қаңтар күндері Махамбет ауданында бокстан 2006-2007 жылы туылған жасөспірімдер арасындағы Атырау облысының чепионаты өтті. Чемпионатқа қала мен аудандардан барлығы 150 боксшы қатысып, ең үздіктері іріктелініп алынған болатын.

Кіші жасөспірімдер құрамасының аға жаттықтырушысы Айбек Нысанбаев бастаған боксшыларымыз Мамандандырылған бокс клубында маңызды дода алдында дайындықтарын пысықтауда.

Айта кету керек, аймақтық Қазақстан чемпионаты Ақтөбе қаласында өтеді.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді жазыңыз!
Өтінеміз, аты-жөніңізді дазыңыз