Наурыз айынан бастап пандемияға орай барлық спорттық шаралар тоқтатылған болатын. Міне, араға 7 ай салып қаламызға үлкен спорт қайта оралды.
Бокс кешіне шет елден және Қазақстаннан 10 боксшы қатысты. Өз кезегінде қазақстандық боксшылар Бекзат Нұрдәулетов, Евгений Павлов, Данил Семенов, Абылайхан Жүсіпов және Бек Нұрмағамбетовтер өз кездесулерінде жеңіске жетіп, өз жеріміздегі додада жарқын кездесулер көрсетті.
«Шараның басты ұйымдастырушысы атыраулық «Сүлеймен промоушн» компаниясы болып табылады. Бұндай әлемдік додалар бірінші кезекте еліміздің иммиджін көтеруге зор әсерін тигізетіні сөзсіз”, — дейді басқарма басшысы Ринат Ибрагимов.
Айта кету керек, бокс турнирі қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына орай ұйымдастырылып, “Хабар” арнасынан тікелей эфирде көрсетілді.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді жазыңыз!
Өтінеміз, аты-жөніңізді дазыңыз