Атырау бокс федерациясы өңіріміздегі бокс спортының негізін қалаушылардың бірі, көптеген шәкірттердің жолын ашқан білікті маман Владимир Андреевич Пактің қайтыс болуына байланысты марқұмның туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады.

Ардагер маман өзінің еңбек жолында өлшеусіз із қалдырып, Атырау боксына еңбегін сіңірген тұлға. Бапкер шәкірттерінің арасынан Владимир Кузнецов, Адиет Үсенов, Сүндеткерей Қасангалиев, Ерболат Бисекенов, Адик Бермешов, Мазафур Сармалин, Б. Караекенов, Рахман Әлжанов, Нұрсұлтан Салихов секілді түрлі деңгейдегі сайыстардың жеңімпаздарын атап өтуге болады.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді жазыңыз!
Өтінеміз, аты-жөніңізді дазыңыз