17-24 қаңтар күні Алматы қаласында бокстан жастар арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті. Ринат Жұмағалиев бастаған Атырау боксшылары 1 күміс жүлдені қанағат тұтты.

56 келі салмақта Бекзат Қонысбай былтырғы нәтижесін жақсартып, ақтық сынға дейін жетті. Боксшымыз іріктеу жекпе-жектерінде алматылық Еркінұлы Бекболсынды 4:1 есебімен және шымкенттік Асылбек Әбдіжаппарды 5:0 есебімен ұтты.

Жартылай финалда Жамбыл облысының спортшысы Прәлі Бекзаттан басым түсіп, ақтық сында түркістандық Абдикарим Абдигалимге есе жіберіп алды.

Айта кету керек, былтыр Атырау қаласында өткен ел біріншілігінде Бекзат Қонысбай қола жүлдегер атанған болатын.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді жазыңыз!
Өтінеміз, аты-жөніңізді дазыңыз