Беларусь елінің Гомель қаласында бокстан жастар арасында Халықаралық турнир өтті. Ұлттық құрама сапында қос атыраулық спортшы сынға түскен болатын.

Ауыр салмақ дәрежесінде Аманат Сабырғали қарсылас шақ келтірмеді. Ол жартылай финалда Молдава елінің өкілін ұтса, ақтық сында тағы бір қазақстандық спортшыдан басым түсті.

Айта кету керек, бұл пандемиядан кейінгі жас боксшыларымыздың алғашқы Халықаралық жарысы болып табылады.

 

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді жазыңыз!
Өтінеміз, аты-жөніңізді дазыңыз