24-27 ақпан күндері Болгарияның София қаласында бокстан “Странджа” Халықаралық турнирі өтті.

72-ші мәрте ұйымдастырылып отырған турнирде Қазақстан ұлттық құрамасы сапында атыраулық спортшы Райыс Нұрқанат қола жүлдегер атанды.

75 келі салмақтағы жұдырықтасатын жерлесіміз армениялық қарсыласын 5:0 есебімен және швециялық қарсыласын 3:2 есебімен ұтты. Жартылай финалда ресейлік спортшыға есе жіберіп алды.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді жазыңыз!
Өтінеміз, аты-жөніңізді дазыңыз