12-16 ақпан күндері Орал қаласында бокстан КСРО спорт шебері Жанболат Қатауовты еске алуға арналған 2007-2008 ж.т. кіші жасөспірімдер арасында Қазақстан Республикасының «Батыс» аймақтық чемпионаты өтті.

Ақтөбе, БҚО, Маңғыстау, Қызылорда және Атырау облысының былғары қолғап шеберлері қатысқан сайыста Айбек Нысанбаев бастаған спортшыларымыз 5 алтын, 3 күміс және 9 қола медальмен командалық есепте екінші орын алды.

Нұрлыбекұлы Бекзат 34 кг, Ахмет Дәулеткерей 42 кг, Марат Ануарбек 46 кг, Мейрамбаев Рауан 50 кг және Алпысбаев Жандос 66 кг алтын жүлде еншілесе, Дузел Богенбай 40 кг, Бисенбай Әлім 50 кг, Джарбулов Артур 52 кг ақтық сынға дейін жетіп, күміс жүлдеге ие болды.

Қола жүлдегер атанған спортшылар: 34 кг Жақсылық Баубек, 36 кг Қайырқожа Ерлан, 44 кг Кенжебай Алихан, 48 кг Орақбай Мадияр, 52 кг Беркінғали Исламбек , 56 кг Сабыр Ілияс, 60 кг Саясатов Бекзат, 63 кг Урин Арслан, 74 кг Жұманалиев Әлібек.

Жарыс қорытындысы бойынша Алпысбаев Жандос «үздік техникасы үшін» арнайы марапатталды.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді жазыңыз!
Өтінеміз, аты-жөніңізді дазыңыз