8-12 ақпан күндері Венгрияның Дербенец қаласында бокстан ерлер мен әйелдер арасындағы Боскай Иштван атындағы Халықаралық турнир өтті.

Қазақстан ұлттық құрамасы сапында атыраулық боксшы қыз Ищанова Назым 57 келі салмақта қола жүлдеге ие болды. Ол ширек финалда француз спортшысынан басым түсті. Ал жартылай финалда жарыс қожайынына есе жіберді.

Айта кету керек, Боскай Иштван атындағы Халықаралық турнир биыл 65-ші мәрте ұйымдастырылған әлемдегі танымал турнирлердің бірі болып табылады.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді жазыңыз!
Өтінеміз, аты-жөніңізді дазыңыз