Жаңаөзен қаласында ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына және «Жаңарған Жаңаөзен» жобасына орай бокстан 2009-2010, 2011-2012 жылы туған кіші жасөспірімдер арасында қала аралық ашық турнир өтті.

Атырау қаласының спортшылары бұл турнирде 6 алтын, 4 күміс және 3 қола жүлдеге ие болды.

Мухтасиф Нурболат, Аскар Ислам, Кали Нурали, Бағытжан Дидар, Хисмет Еркін, Егенбай Нұрсат жарыс жеңімпаздары атанды.

Қайырғалев Бегарыс, Мұханбет Айтжан, Меранбай Али, Кадырбек Мирас ақтық сынға дейін жетіп, күміс жүлдеге ие болса Марал Ақан, Зұлһарнаев Абдурахман және Аменгелді Нұрбақыт қола жүлдеге ие болды.

Жарыс қортындысы бойынша Бағытжан Дидар «ең үздік боксшы» атанды. Жаттықтырушылар: Р.Қарабалаев және З.Қапсаламов

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді жазыңыз!
Өтінеміз, аты-жөніңізді дазыңыз