20-25 маусым күндері Түркістан облысында Сидней Олимпиадасының және Әлем чемпионатының күміс жүлдегері Мұқтархан Ділдәбековтің жүлдесіне арналған бокстан жастар арасындағы ІХ халықаралық турнир өтті.

Алты күнге созылған созылған жарысқа Қытай, Өзбекстан, Қырғызстан, Түркіменстан және Қазақстан Республикасы жастар құрама командалары қатысты. 64 келі салмақта атыраулық боксшы Бітімов Бекзат күміс жүлдеге ие болды.

Ол іріктеу кезеңдерінде Қытай және Қырғыз елінің боксшыларынан басым түсті. Жартылай финалда жарыс қожайынынан ұтса, тек ақтық сында өзбек боксшысына жол берді. Бекзат жоғары деңгейдегі бокс көрсетіп, өзбек боксшысынан мықты екенін дәлелдей алды.

Боксшыларымыз ендігі уақытта Қостанай қаласында өтетін тағы бір Халықаралық турнирге ұлттық құрама сапында дайындығын жалғастыратын болады.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді жазыңыз!
Өтінеміз, аты-жөніңізді дазыңыз