25-29 мамыр күндері Алматы қаласында «Халық қаһарманы», армия генералы Сағадат Нұрмағамбетовты еске алуға арналған бокстан ересектер арасындағы халықаралық турнир өтті.

Осымен 24-рет ұйымдастырылып отырған дәстүрлі жарысқа еліміздің барлық облысынан және Алматы мен Нұр-Сұлтан және Шымкент қаласынан 144 спортшы қатысты. Сондай-ақ көршілес Өзбекстан мен Қытай елінің спортшылары келді. Былғары қолғап шеберлері 10 салмақ дәрежесі бойынша жүлделі орындарды сарапқа салды.

Нұрлан Айтуаров бастаған Атырау обысының спортшылары 2 алтын және 1 қола жүлдеге ие болды.

52 келі салмақта Олжас Байниязов және 91 келі салмақта Еркін Мұхамеджан жарыс жеңімпазы атанса, 75 келі салмақта Райс Нұрқанат қола жүлдеге ие болды.

Айта кету керек, осы жарыста топ жарған боксшылар күзде Ресейде өтетін әскерилер арасындағы әлем чемпионатына қатысады.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді жазыңыз!
Өтінеміз, аты-жөніңізді дазыңыз