18-22 тамыз аралығында Грозныйда Чечня Республикасының тұңғыш президенті, Ресей Қаһарманы Ахмат-Хаджи Кадыров атындағы бокстан «А» санатындағы Халықаралық турнир өтті.

64 келі салмақта жұдырықтасқан Атырау облысының боксшысы Қазбек Сапенов қола медаль иегері атанды.

Айта кету керек, биыл тоғызыншы мәрте ұйымдастырылған додада Ресей, Қазақстан, Қырғызстан, Әзірбайжан, Украина, Латвия, Эстония, Қытай, Беларусия, Молдава, Германия және Польша елдерінен 100-ден астам боксшы қатысты.

10 салмақ дәрежесінің 8-інде Ресейлік боксшылар жеңіске жетті.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді жазыңыз!
Өтінеміз, аты-жөніңізді дазыңыз