Сұқпаттарының бірінде 50 жасқа толған абсолютті әлем чемпионы, бүкіләлемдік боксшылар Залының құрметті мүшесі Майк Тайсон өзінің орта мектепке барғандағы пікірімен бөлісті:

«Менімен кездесу үшін жүздеген, тіпті мыңдаған оқушылар келді. Менің боксшы екенімді дәлелдеу үшін жекпе-жектерімнің үзінділерін экранда көрсетуге тура келді. Олар менің «Мальчишник в Вегасе» атты фильмдегі актер екеніме сенімді болды. Бір бала менің боксшы екенімді атасынан естіген сияқты екенін айтты. Мен өзімді аяққа тапталғандай сезіндім».

Егер Майк Тайсон сіздің мектепке келсе, алдын ала дайындалыңыздар. Аңыздарды қор қылмаңыздар.

Жас кезінде Тайсонды ұрлық үшін қамауға алған. Бір күні  Бруклиндегі түзету мекемесіне Мохаммед Али келіп, мінезі қиын баламен тіл табысуға тырысқан. Осы кездесуден соң Майк бірінші рет бокс туралы ойлай бастапты.

Майк ТАйсон

Барлығынан бұрын Тайсонға көп әсер еткен оның жаттықтырушысы Кас Д’Амато болған. «Ақ әкесі» арқылы Майк оқу-жазуды үйренген. Әуесқойлар арасындағы өзінің ең алғашқы турнирін жеңген. Ол алғаш рет АҚШ «алтын қолғабы» турнирін жеңіп, кейін 1985 жылы кәсіпқой боксқа ауысқан.

Тревора Бербик - МАйк Тайсон

Майк 1986 жылы аса ауыр салмақтағы ең жас әлем чемпионы атанады. Оның қараша айында Тревор Бербикке қарсы өткізген кездесуі әлі күнге дейін маңызын жоғалтпаған. Ол кезде Майкқа 20 жас, 4 ай және 23 күн болатын.

  • Тайсонның мансабындағы ең ауыр соққысы 800 келіге тең. Бұндай соққымен адам өлтіруге болады.

Эвандер Холифилда

Майк Тайсонның ең танымал кездесулерінің бірі 1997 жылы жазда өтті. Эвандер Холифилдаға қарсы өткізілген кездесудің үшінші раундында Майк қарсыласының құлағын тістеп алады. Бұдан кейін спортшы шектетілген және бұның себебі ретінде Холифилдтың үнемі басына соққы жасағанын айтқан. Жылдар өте қос боксшы қайтадан татуласады.

  • Гинестер рекорды кітабына ең жылдам нокаудтар саны бойынша енген. Оның тоғыз кездесудегі нокаудтар уақыты бір минутқа тең.
  • ESPN каналының таңдауы бойынша «спорт әлеміндегі ең қатты, ең мықты боксшы» атанған.

Леннокс Льюиспен кездесуі алдында үлкен төбелес орын алған. Соның салдарында WBC президенті Хосе Сулейман бірнеше рет нокауд алған.

Майк Тайсон

Әлемдегі ең таңымал татуировканың иесі. 2003 жылы Тайсон сол жақ көзінің тұсынан үлкен ою салғызды. Кейбіреулері татуировка «маори» мәдениетінің негізіне сүйеніп салынған дейді. Кейін белгілі болғандай боксшы бұл өзгерісті өзінен аз ғана болса да «мейірімділік» белгісі көрінсін деген ниетпен салған.

Майк Тайсон

Тайсон үш рет абақтыға қамалған. Оның қылмыстары зорлау, ұрып-соғу және анаша қолдану болып табылады.

MILAN, ITALY - JULY 09: Mike Tyson attends a press conference held at Just Cvalle Cafe on July 9, 2010 in Milan, Italy. (Photo by Vittorio Zunino Celotto/Getty Images)

Соңғы рет Майк 1992 жылы түрмеге қамалады. Өзінің шексіз қылмыстарынан кейін ол ұзақ ойланып, өмірден сабақ ала бастайды. Оны өмірге жаңадан әкелген Ислам діні болатын. Боксшының бүкіл әлемге танымал мынадай сөзі бар: «Мен Аллахқа керек емеспін, Аллах маған керек». Майк өзіне жаңа Малик Абдул Азиз атты мұсылманша есім қояды. 2010 жылы Меккеге барып, мұсылманның бес парызының бірін орындайды.

Майк ТАйсон

Майк көгершіндерді адамдардан артық жақсы көреді.

-Бұл менің хоббиім емес,  уақытша тірлік те емес. Мен де бір кездері  төбелескен кездерімде, темір торға қамалған кездерімде көгершін тәрізді болғам. Олар бізге қатты ұқсайды. Тек олар ешкімді алдамайды, жақсылыққа жақсылықпен жауап береді, өзіңе деген адалдығымен саған ризашылығын білдіреді.

Майк туралы деректер өте көп. Бастысы оның аңыз болып қала беретіні.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді жазыңыз!
Өтінеміз, аты-жөніңізді дазыңыз