Батыс Қазақстан облысы, Ақсай қаласында бокстан жастар арасындағы «Достық» Халықаралық турнирі мәресіне жетті.

Сайысқа Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Белорусия, Тәжікстан және Ресей мемлекеттерінен 100-ден аса боксшы қатысты.

Ринат Жұмағалиев бастап барған облыс боксшылары 1 күміс және 2 қола медаль еншіледі. 64 келі салмақта Тоқтаров Батырлан ақтық сынға дейін жетіп, күміс жүлдегер атанды. 60 келіде Сембай Әлихан және ауыр салмақ дәрежесінде Амангелдиев Асхат қола медаль еншіледі.

Айта кету керек, БҚО-да өткен бұл Халықаралық турнирге екінші құрамдағы боксшылар қатысқан болатын.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді жазыңыз!
Өтінеміз, аты-жөніңізді дазыңыз