Қазақстанның бокс күні аясында елімізге танымал боксшы, бірнеше Халықаралық жарыстардың жүлдегері, кәсіпқой боксқа қадам басқан Асхат Уалиханов Атырау облысының боксшыларына шеберлік сағатын өткізді.

Асхат Уәлиханов – Жамбыл облысы, Шу ауданында туған. Ол бүгінге кәсіпқой бокста үш жекпе-жек өткізген. Соңғы кездесуін 29 сәуір күні америкалық Эрик Фаулерге қарсы өткізіп, екінші раундта теxникалық нокаутпен ұтты.

Қазіргі уақытта Америка Құрама Штаттарында жаттығып жүрген Асхат жас спортшыларымызға өз тәжірбиесімен бөлісті. Кәсіпқой бокста өткізген кездесулері туралы, Америкадағы боксшылардың өмірі туралы айтып берді.

Өзі жақсы әрі пайдалы деп санайтын бірнеше ерекше жаттығуларын көрсетті. Өзі де балалармен бірге жаттығу жұмысын жасады. Кәсіпқой бокстың ерекшелігі туралы көріп білгендерін әңгімелеп берді.

Кешке таман ересектер құрамасымен жаттығу өткізді. Алда келе жатқан Қазақстан чемпионатында боксшыларымызға сәттілік тіледі.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді жазыңыз!
Өтінеміз, аты-жөніңізді дазыңыз