Бүгін Ресейдің Белоярский қаласында дәстүрге айналған мұнайлы елдер арасындағы әлем кубогы жалауын көтерді.

XV рет ұйымдастырылып отырған турнир Социалистік Еңбек Ері Фарман Салмановты еске алуға арналған.

Биылғы турнирге Ресей, Әзірбайжан, Армения, Беларусия, Бельгия, Қырғызстан, Латвия, Литва, Молдава, Моңғолия, Польша, Румыния, Тәжікстан, Өзбекстан, Украина, Швеция, Эстония, Хорватия және Қазақстан мемлекеттерінен 100-ден астам боксшы қатысуда.

Жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаздарға Халықаралық дәрежедегі спорт шебері атағы беріліп, жүлдегерлерге ақшалай сыйақы табыс етіледі. Биылғы турнирдің жүлде қоры 2 млн. рубльді құрап отыр.

Жарыстың алғашқы күні үш боксшымыз жарыс жолына шыққан болатын:

64 келіде Қарымсақов Данат Литвалық Скурдиалис Едгарастан басым түсті.
75 келіде Амандық Манашев биылғы жылғы Азия чемпионы, Өзбекстандық Мадримов Исраилмен кездесіп, ұпай санымен жеңіліп қалды.
60 келіде Ұзақбаев Асылхан жергілікті спортшы Хотенов Артемға тартысты өткен бәсекеде есе жіберіп алды.

Ертең жарыс жолына 60 келіде Ордабаев Ержан мен 64 келіде Қарымсақов Данат шығады.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді жазыңыз!
Өтінеміз, аты-жөніңізді дазыңыз