Жас боксшыларымыз Павлодарда қос медальді еншіледі.

5-9 желтоқсан аралығында Павлодар қаласында бокстан жастар арасындағы Татиев Абай Қабиденұлын еске алуға арналған Халықаралық турнир мәресіне жетті.

Дәстүрге айналған турнир биыл Халықаралық дәрежені алып отыр. Оған елімізден және жақын шет елден ең мықты деген жас боксшылар қатысты. Атырау облысы құрамасы да бақ сынаған болатын.

Қос боксшымыз, 64 келіде Бітімов Абылайхан мен 81 келіде Серкебай Дарын турнирдің қола жүлдегерлері атанды.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді жазыңыз!
Өтінеміз, аты-жөніңізді дазыңыз