Атырау боксының дамыуна үлесін қосып келе жатқан білікті бапкер, ардагер ұстаз, көптеген чемпиондардың жаттықтырушысы, қазіргі күндері № 1 мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің бокс бөлімшесінің жаттықтырушысы Бисекенов Ерболат Бақытұлы марапатқа ие болды.
24-ші желтоқсан күні өткен «Спортшылар балы 2017» салтанатты шарасында бокс маманына «Қазақстан Республикасына Дене шынықтыру мен спортты дамытуға сіңірген еңбегі үшін» Төсбелгісі табысталды.
Атырау облысының жыл қорытындысында боксшылардың биылғы жетістігі аталынып өтті. Атырау облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Азамат Бекет Бауыржанұлы боксшымыз Ержан Ордабаевты алғыс хатпен марапатталды.
Мерекелік шараға AIBA 2 жұлдызды төрешісі Асылбек Чунышкалиев, жасөспірімдер құрамасының аға бапкері Айдос Дәулетов және жасөспірімдер арасындағы Қазақстан чемпионы Сембай Алихан қатысты.
Спортшылар балына қонақ ретінде арнайы Олимпиада ойындарының чемпионы, Баркер кубогының иегері Бақтияр Артаев шақырылды.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді жазыңыз!
Өтінеміз, аты-жөніңізді дазыңыз