Жақында ғана 2000-2001 жылы туылған жастар арасындағы облыс біріншілігі өтті. Облысымыздың түкпір-түкпірінен ең мықты деген жас боксшылар жиналып, өзара бәсекеге түсті.

Осы арада жастар құрамасының бас бапкері Азамат Байдуллиев өз пікірімен бөліскен болатын:

 

— Жалпы облыс чемпионаты туралы айта кетсеңіз?

— Былтырғы жылмен салыстырғанда жастар арасындағы бәсекелестіктің пайда болғаны көрініп тұр. Біз үшін бастысы сол. Бәсекелестік бар жерде сапа да болады. Облыс чемпионатының қорытындысы бойынша жеңіске жеткен балалармен әрімен қарай жұмыс жасап, ірі жарыстарға дайындайтын боламыз.

— Қай боксшыларды ерекше атай аласыз?

— Бұрыннан бері жасөспірімдер мен жастар құрамасында жүрген балалар бар. Олар өздерінің облыста бірінші орындарда екенін дәлелдеді. Жаңа боксшылар да көзге түсті. Мысалы 52 келі салмақта жеңіске жеткен Тлеушов Әділханның шеберлігіне лайықты баға беруге болады. Онымен қоса 60 келіде жұдырысқан Исатайлық Ғалымжанұлы Асылжан мен Тоқтаров Батырлан да өздерін жақсы қырынан көрсете алды. Аса ауыр салмақта Эдуардұлы Роберт деген боксшы да жақсы.

— Жастар құрамасына кімдер енетін болды?

— Жарыста 1-ші және 2-ші орын алған боксшылар жастар құрамасына алынады. Кейін түрлі бірлескен жаттығу жұмыстарын өткізіп, арасынан үздіктерін анықтайтын боламыз. Кейбір салмақ дәрежесінде 3-ші және 4-ші орын алған боксшылар да жақсы деңгей көрсете алды. Оларды да естен шығармау керек.

— Жастар құрамасының  алдағы жоспары қандай?

— Әрине басты міндет мамыр айында өтетін Қазақстан чемпионатына жақсылап дайындалу. Бінеше күннен кейін Алматы қаласына оқу-жаттығу жиындарына аттанамыз. Кейін Атырауда бірлескен жаттығулар өтеді. Онда басқа облыстан командаларды шақыруды жоспарлап отырмыз. Одан бөлек түрлі Халықаралық жарыстар бар. Бекзат Саттарханов турниріне де қатысамыз.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді жазыңыз!
Өтінеміз, аты-жөніңізді дазыңыз