Қаңтар айында боксшылар үшін аса маңызды екі жарыс өтті. Бірі ұлдар арасындағы, бірі қыздар арасындағы Қазақстан біріншілігі.

Атыраулық жас боксшылар ел біріншілігінде жақсы нәтиже көрсетіп, екі алтын мен бір қола медаль еншіледі.

21-26 қаңтар аралығында Екібастұз қаласында 2002-2003 ж.т. жасөспірімдер арасындағы Қазақстан чемпионаты өтті. Бұл сында Айдос Дәулетов бастаған 5 спортшымыз облыс намысын қорғады. Аса ауыр салмақ дәрежесінде Сабырғали Аманат қарсылас шақ келтірмей чемпион атанды.

23-27 қаңтар аралығында Алматыда қыздар арасындағы Қазақстан чемпионаты мәресіне жетті. Атырау облысы атынан төрт қызымыз сынға түсіп, оның екеуі жүлдегер атанды. 64 келі салмақта Халилулла Зарина қарсыластарының барлығын ұтып, ел чемпионы атанды. 69 келі салмақта Елтай Нұрсәуле болса қола жүлдегер атанды. Атырау облысы қыздар құрамасының жаттықтырушылары: Юн Алексей, Абсенов Мейрамғали, Көшенов Әлібек.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді жазыңыз!
Өтінеміз, аты-жөніңізді дазыңыз