14-16 ақпан күндері Мамандандырылған бокс клубында 2004-2005 ж.т. кіші жасөспірімдер арасында Атырау облысы біріншілігі өтті.

Жарыстың ашылуына Атырау облысы Дене шынықтыру және спорт басқармасының бас маманы Аманжол Сағынғалиұлы мен Атырау облысы әуесқой бокс федерациясының вице президенті Сәрсенбай Қамиұлы қатысып, спортшыларға сәттілік тіледі.

Наурыз айының 25-30 аралығында Құрманғазы ауданында жасөспірімдер арасындағы аймақтық Қазақстан чемпионаты өтеді. Ол сайыста әр облыс бір салмақ дәрежесінде екі боксшыдан қатыстыра алады. Сол себепті бүгінгі жарыстың басты мақсаты  аймақтық Қазақстан чемпионатына үздік деген боксшыларды ірітеу болды.

Облыс біріншілігінде Құрманғазы, Исатай, Жылой, Индер, Махамбет, Қызылқоға, Мақат аудандарынан және Атырау қаласынан 19 салмақ дәрежесінде 100-ден астам боксшы бақ сынады.

Бүгінгі жасөспірімдер арасындағы облыс біріншілігінде аудандардағы бокс спортының қарқынды дамып келе жатқанын байқауға болады. Спортшылар арасында бәсекелестік жылдан-жылға артып келеді.

19 салмақтың 10-ында аудандардан келген боксшылар жеңіске жетсе, 9-ында қала боксшылары үздік шықты. Бұның өзінен аудандарда бокстың жақсы жолға қойылғанын анық байқауға болады.

Төмендегі боксшылар өз салмақ дәрежелерінде жеңіске жетті:

30 кг: Бекенбаев Атажан Жылой
32 кг: Темірғалиев Ернар Исатай
34 кг: Сағынжан Ертай Атырау қаласы
36 кг: Рүстем Айдар Атырау қаласы
38 (1) кг: Темірғалиев Темірлан Жылой
38 (2) кг: Рашидов Дамир Құрманғазы
40 кг: Бірман Асылжан Атырау қаласы
42 кг: Қадырбай Батырхан Атырау қаласы
44 кг: Әділбеков Батырбек Құрманғазы
46 кг: Әділбеков Ризабек Құрманғазы
48 кг: Мұратов Фархат Мақат
50 кг: Қабсалимов Арсен Атырау қаласы
52 кг: Гарифоллаев Мухаммед Атырау қаласы
54 кг: Беркәлі Дамир Исатай
58 кг: Қабдрахимов Мирас Атырау қаласы
60 кг: Дүзелбаев Елнар Махамбет
63 кг: Шопанов Бексұлтан Атырау қаласы
70 кг: Бауыржан Нұрасыл Атырау қаласы

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді жазыңыз!
Өтінеміз, аты-жөніңізді дазыңыз