22-25 ақпан аралығында Алматы қаласында Талғар ауданының депутаты, Талғар ауданының құрметті азаматы Жданов Ерғалымды және Ауған соғысында қаза болған боздақтарды еске алуға арналған бокс турнирі өтті.

2002-03 ж.т. жасөспірімдер бәсекесіне еліміздің түкпір-түкпірінен 100-ден астам былғары қолғап шеберлері бақ сынасты. Атырау облысынан 7 боксшы қатысып, 5-еуі алтын, 2-еуі күміс медаль жеңіп алды.
Алтын: Мәдениетов Қожаберген, Исқалиев Бақтияр, Бекқалиев Мустаһим, Хабидолла Қайырбек және Рахымғалиев Абылай.
Күміс: Алибек Алишер, Жалғас Жұмабек.
Боксшыларды жарысқа апарған: Нсанбаев Айбек

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді жазыңыз!
Өтінеміз, аты-жөніңізді дазыңыз