8-11 наурыз аралығында Ақтау қаласында Халықаралық дәрежедегі спорт шебері Талғат Қалимов атындағы Республикалық турнир өтті.
Сайысқа 2002-2003 жылы туылған 180 жасөспірім қатысты. Қазақстан құрамасынан бөлек Ресей, Өзбекстан және Қырғызстан боксшылары келген. Атырау облысы құрамасы Республикалық турнирде 1 алтын, 1 күміс және 2 қола медаль жеңіп алды.
57 келі салмақта Бітімов Бекзат жеңіске жетті. Осы салмақтың күміс жүлдегері Бекқалиев Мұстаһим атанды. 48 келі салмақта сынға түскен қос боксшымыз Ыңғаев Нұрқуатбек пен Мәдениетов Қожаберген қола медаль еншіледі.
Жаттықтырушылар: Дәулетов Айдос, Нысанбаев Айбек, Мейрамғали Абсенов.
Айта кету керек, бұл турнирге Қазақстан құрамасының 2-ші және 3-ші номерлі боксшылары қатысты. Бірінші құрама Венгрия еліндегі жарысқа кеткен болатын. Ақтау қаласындағы бұл турнир осымен үшінші рет өткізіліп отыр.
Анықтама үшін: Талғат Қалимов әуесқой бокста 197 жекпе-жек өткізіп, 182 рет жеңіске жеткен. Халықаралық дәрежедегі спорт шебері. Қазақстан Республикасының чемпионаты және спартакиада ойындарында чемпион атанған.
1994 жылы Стамубулда өткен жастар арасындағы әлем чемпионатының жүлдегері. 1995 ТМД спартакиада ойындарының жеңімпазы атанған. Сол жылы Тайланд корольдігі кубогының жеңімпазы атанды.
https://www.youtube.com/watch?time_continue=1&v=8cSmBUXF91k

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді жазыңыз!
Өтінеміз, аты-жөніңізді дазыңыз