13-15 наурыз аралығында Мамандандырылған бокс клубында Атырау облысының мектеп, колледж оқушылары арасындағы IX жазғы спартакиадасы өтті.

Облыс спартакиадасына Атырау қаласынан бөлек Индер, Махамбет, Исатай, Жылой, Мақат, Құрманғазы аудандарынан 70-тен астам боксшы қатысты. 13 салмақ дәрежесі бойынша үздіктер анықталды.

Сайыс қорытындысы бойынша Атырау қаласының боксшылары 6 алтын медаль еншілеп бірінші орын алды. Құрманғазы мен Махамбет аудандарында 3 алтын медальдан бар.

Спартакиада жеңімпаздары мен жүлдегерлері:
46 кг: Мажитов Бекзат — Атырау.
48 кг: Ғалымжанов Бексұлтан — Құрманғазы.
50 кг: Искалиев Бақтияр — Атырау.
52 кг: Сиражев Бекзат — Құрманғазы.
54 кг: Тасбулатов Ғалымжан — Мақат.
57 кг: Қайырғали Руслан — Махамбет.
60 кг: Сембай Алихан — Атырау.
63 кг: Құмарғалиев Аялан — Құрманғазы.
66 кг: Қылышбаев Нұрдәулет — Атырау.
70 кг: Қуангереев Иса — Махамбет.
75 кг: Дарханов Рахат — Атырау.
80 кг: Еролин Бекарыс — Махамбет.
80+ кг: Эдуардұлы Роберт — Атырау.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді жазыңыз!
Өтінеміз, аты-жөніңізді дазыңыз