2-6 сәуір аралығында Павлодарда ҚазССР-ге еңбегі сіңген жаттықтырушы Рафаэль Гайсич Вахитовтың жүлделеріне арналған VIII Халықаралық турнир өтті.

Бұл турнирге боксшыларымызды Мұхамеджанов Саламат бастап барған болатын. Рафаэль Гайсич Вахитовтың 90 жас мерейтойына арналған додада Қырғызстан, Ресей, Моңғолия, Сербия, Өзбекстан және Украина мемлекеттерінен 120 спортшы қатысты.

Атыраулық боксшылар: 52 келіде Салауатов Рашид пен 81 келіде Тельманов Сұңқар жарыстың қола жүлдегері атанды.

Айта кету керек, жастар қатарынан жақында ғана шыққан Сұңқардың бұл ересектер арасындағы алғашқы жарысы және алғашқы жүлдесі болып табылады.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді жазыңыз!
Өтінеміз, аты-жөніңізді дазыңыз