26-30 сәуір күндері Атырау қаласында Қазақ батырлары Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлының рухтарына арналған X-шы Халықаралық бокс турнирі жоспарланған.

Дәстүрге айналған Халықаралық турнирге жылма-жыл бірнеше мемлекет өкілдері келіп, өзіндік тарихы қалыптасып үлгерді. Айта кету керек, Атыраудағы бқл турнир AIBA күнтізбесіне енген еліміздегі үш турнирдің бірі болып табылады.

Қазақ халқы өз батырларымен мақтанады. Ерлеріміздің ерлік істерін дәріптеп, болашақ ұрпақтың санасына сіңдіру негізгі міндетіміз. Сол себепті де батыр бабалар атындағы турнирдің маңызы мен мәні зор.

Былтыр, яғни 2017 жылы Атыраулық боксшылар 1 алтын (60 кг Ордабаев Ержан), 1 күміс (52 кг Салауатов Рашид) және 2 қола (64 кг Сапенов Қызыбек, 69 кг Құрамысов Бекболат) медаль еншілеген болатын. 2016 жылы жергілікті боксшылар 5 алтын және 2 күміс медаль еншіледі.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді жазыңыз!
Өтінеміз, аты-жөніңізді дазыңыз