22-26 сәуір аралығында Шымкентте Сидней олимпиадасының және әлем чемпионатының күміс жүлдегері, даңқты боксшы, «Парасат», «Құрмет» ордендерінің иегері, Қазақстан Республикасының еңбегі сіңген спорт шебері Мұхтархан Ділдәбековтің атындағы халықаралық жарыс аяқталды.

Жасөспірімдер арасындағы додаға Әзербайжан, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркменстан және еліміздің барлық өңірінен 150-ға жуық спортшы қатысты.


46 келі салмақта жұдырықтасқан Мажитов Бекзат жарыс жеңімпазы атанды. Боксшымыз төрт кездесу өткізіп барлығында да жеңіске жетті. Бекзаттың қарсыластары осы жас аралығында Қазақстан чемпинатының жеңімпаздары мен жүлдегерлері болды.

Жаттықтырушылар: Нысанбаев А, Байдуллиев А, Дәулетов А. Осы жарыста Атыраулық Аюпов Нұрсейт төрешілік еткен болатын.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді жазыңыз!
Өтінеміз, аты-жөніңізді дазыңыз