Атыраулық боксшылар студенттер арасындағы әлем чемпионатының жүлдегері атанды.

1-6 қыркүйек аралығында Калмыкия Республикасының Элисте қаласында студенттер арасындағы VIII әлем чемпионаты өтті. Сайысқа 21 мемлекеттен 120 спортшы қатысты.

Атыраулық қос боксшы әлемдік додада жүлдегерлер қатарынан көрінді.

69 келі салмақта жұдырықтасқан Құрамысов Бекболат күміс жүлдеге ие болды. Ол ақтық сында Тайпей елінің боксшысына аса тартысты өткен кездесуде есе жіберіп алды. Бекболат жартылай финалда Польшалық қарсыласын оңай ұтқан болатын. Іріктеу кезеңдерінде Ресей мен Молдава былғары қолғап шеберлерін жарыс жолынан шығарды.

60 келі салмақта Ордабаев Ержан қола жүлдегер атанды. Ол іріктеу кезеңдерінде Латвия мен Франция боксшыларын жеңді. Тек жартылай финалда жарыс қожайынына ұпай санымен жол берді.

 

 

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді жазыңыз!
Өтінеміз, аты-жөніңізді дазыңыз