15 қыркүйек күні Ақтөбе қаласында үлкен кәсіпқой бокс кеші өткен болатын. Атырау облысы жастар құрамасының мүшесі Бітімов Абылайхан өзінің кәсіпқойлар арасындағы алғашқы жекпе-жегін өткізді.

Бірінші орта салмақта өнер көрсеткен Абылайxан  ресейлік Жаxонгир Журамурадовты бірінші раундта нокаутпен жеңді.

— Абылайхан бұл жекпе-жекке өте жақсы дайындықпен келді. Шаршы алаңда өзіне сенімді болды. Қанат Ислам, Жанат Жақиянов секілді мамандар оң бағасын беріп, болашағынан үміт күттіретін боксшы екенін айтып өтті. Алдағы уақытта 2-3 кездесу өткізу жоспарда бар. Кейін демеушілер табыла жатса Абылайханды АҚШ-қа жібергім келеді, — дейді бапкері Айдос Дәулетов.
Айта кету керек, Абылайхан кәсіпқой бокста бағын сынаған алғашқы атыраулық боксшы.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді жазыңыз!
Өтінеміз, аты-жөніңізді дазыңыз