11-14 желтоқсан күндері Мамандандырылған бокс клубында 2001-2002 жылы туылған жастар арасында бокстан Атырау облысы чемпионаты өтті.

НСС компаниясының 20 жылдығына орай ұйымдастырылған сайыс қорытындысы бойынша Атырау құрама командасы жасақталды. Үздік шыққан боксшылар алдағы уақытта ірі Республикалық және Халықаралық турнирлерде сынға түсетін болады.

НСС компаниясы Атыраудағы бокстың дамуына өз үлесін қосып, демеушілік танытып келе жатқан үлкен ұжым болып табылады. Облыс чемпионатының қорытындысы бойынша НСС компаниясы жүлдегер атанған боксшылар мен төрешілерге арнайы сыйлықтар табыс етілді.

Атырау облысы чемпионатының жеңімпаздары:
46 кг: Көшкінбаев Асыланбек — Индер.
49 кг: Мажитов Бекзат — Бокс клуб.
52 кг: Тасболатов Ғалымжан — ОРМБЖСМ.
56 кг: Хайырғалиев Руслан — ОРМБЖСМ.
60 кг: Бекқалиев Мұстахим — Бокс клуб.
64 кг: Құмарғалиев Аялан — Құрманғазы.
69 кг: Сәлімгереев Сәлімжан — Атырау.
81 кг: Дарханов Рахат ОРМБЖСМ.
91 кг: Мұратов Исламбек Бокс клуб.

 

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді жазыңыз!
Өтінеміз, аты-жөніңізді дазыңыз