Жақында ғана Талдықорған қаласында жастар арасындағы ең маңызды турнирлердің бірі «Жетісу Кубогы» Халықаралық турнирі өткен болатын.

Атырау облысы бойынша қыздар арасында Зинуллина Динара сынға түсіп, қола жүлдегер атанды.

Динара алғашқы кездесуінде Түркістан облысының спортшысын ұтты. Жартылай финалда жарыс жеңімпазы атанған Өзбек боксшысына есе жіберді.

Айта кету керек, боксшымыз бұдан бұрын Ресей елінде өткен Халықаралық турнирде жүлдегер атанған болатын.

 

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді жазыңыз!
Өтінеміз, аты-жөніңізді дазыңыз