12 қазан күні облыстың мамандандырылған бокс клубы ұжымы бокс ардагері Алексей Павловичке құрмет көрсетіп, туған күнімен құттықтады.

Алексей Павлович қырық жылға жуық уақыт бойы бокс саласында еңбек етіп келеді. 81 жасқа толған қария бүгінде көптеген чемпиондарды тәрбиелеп шығарып, облыстағы әйелдер боксы негізінің қалануына үлесін қосқан. Зейнеткерлік жасқа толса да бокс залынан алыстаған емес.

Бүгін мерейлі жасқа толған ардагер Алексей Павловичке бағалы сыйлықтар табыс етіліп, осы уақытқа дейін жасаған шексіз еңбегіне алғыс айтылды.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді жазыңыз!
Өтінеміз, аты-жөніңізді дазыңыз