Төрт күн бойы Өзбекстан, Қырғызстан мемлекеттерінен және Қызылорда, Астана, Павлодар, Ақтөбе, БҚО, Маңғыстау, Жамбыл және Атырау өңірлерінен 100-ден астам боксшы өзара үздіктерді анықтады.

Жасөспірімдер арасындағы бұл дода жылма-жыл дәстүрлі түрде өткізіліп келеді. Биылғы жылы еліміз бойынша маңызды турнирлер кестесіне енгізілген.

-Жарыс деңгейі өте жоғары болды. Жас спортшылардың дайындығы өте керемет. Әсіресе соңғы жылдары бокстағы бәсекелестік көңіл қуантады. Бұл турнирге Өзбекстан құрамасы негізгі боксшыларын алып келген. Маңғыстаулықтардың да ерекше дайындықпен келгенін айта кету керек. Атыраудағы осы бір бокс додасы секілді жарыстардың көптеп ұйымдастырылғаны жас боксшыларымызға өте керек, — дейді супервайзер, Халықаралық дәрежедегі төреші Ашимов Ерболат.

Ашық Республикалық турнирдің «ең үздік боксшысы» болып атыраулық Бекқалиев Мұстахим танылды. Ол 60 келі салмақта жеңіске жеткен болатын. Өзбекстандық 44 келіде жұдырықтасқан Каримов Исраил «Жеңіске деген жігері үшін» кубогымен марапатталды.

 

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді жазыңыз!
Өтінеміз, аты-жөніңізді дазыңыз