Бүгін қаламызда Андашев Қамбардың рухына арналған ашық Республикалық турнир жалауын көтерді.

Сайысқа Өзбекстан, Қырғызстан мемлекеттерінен және еліміздің 8 өңірінен 100-ден астам боксшы қатысуда. Жасөспірімдер арасындағы бұл дода жылма-жыл дәстүрлі түрде өткізіліп келеді.

Сайыстың ашылу салтанатына Атырау облысы дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының міндетін атқаршулы Төлеуова Нұржауған, Махамбет ауданы әкімінің орынбасары Сейтқалиев Мардан және Қамбар ағамыздың туыстары қатысты.


Андашев Қамбар Сағынұлы 1957 жылы 30 қыркүйекте Гурьев облысы, Махамбет ауданы, Махамбет селосында дүние келген. Бала күнінен спортқа жаны жақын болу нәтижесінде, 1975 жылы орта мектепті бiтiргеннен кейiн, Алматы мемлекеттік дене тәрбиесі және спорт институтына оқуға түсіп, оны жоғарғы жетістікпен аяқтайды. 1979 жылы туған ауылы Махамбет селосындағы балалар — жасөспiрiмдер спорт мектебінде жаттықтырушы болып еңбек жолын бастайды.

1980-2000 жылдар аралығында жаттықтырушы, мектеп директорының орынбасары болып еңбек етті.

2000-2001 жылдарда Махамбет аудандық туризм және спорт бөлімiнің бастығы қызметін атқарды. Осы спортты жанына серiк еткен жылдар Iшiнде аяулы азаматтың шәкірттерi республика көлемiнде өткен додалардың жеңімпазы болды.

 

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді жазыңыз!
Өтінеміз, аты-жөніңізді дазыңыз