11-16 ақпан күндері Түрксітан облысының Арыс қаласында 2001-2002, 2003-2004 жылы туылған жас қыздар арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті.

Атырау облысының қыздары жақсы нәтижеге қол жеткізіп, 1 күміс және 2 қола медаль еншіледі.

50 келі салмақта Дильназ Бағыт ақтық сынға дейін жетіп, күміс жүлдегер атанды. Ол ел чемпионатында 4 кездесу өткізді. Осы салмақ дәрежесінде Арайлым Нұрқуатова қола медальға ие болды. 52 келі салмақта Жасмин Тілепқалиева үздік үштіктен көрінді.

Жаттықтырушылар: Абсенов Мирамғали, Кошенов Алибек, Есқалиев Қайрат.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді жазыңыз!
Өтінеміз, аты-жөніңізді дазыңыз