Бұған дейін федерация президенті қызметін атқарған Балжанов Асқар Құмарұлы жасы келуіне байланысты жұмысын тоқтатты. Бұл туралы жиында Дінмұхаммед Әлиханұлы мәлімдеді. Федерация жиынына бокс спортының ардагерлері, спортшылар мен жаттықтырушылар қатысты.

Атыраулық спорт жанкүйерлері Асқар Құмарұлы және барша федерация қызметкерлеріне бірнеше жыл бойы жасаған жұмыстары, спорттың дамуы жолында төккен терлері үшін алғыстарын айтты.

Қазақстан бокс федерациясының мемлекеттік жаттықтырушысы Болат Абдрахманов осы уақытқа дейін Атырауда жасалынған жұмыстарға оң бағасын берді. Оның дәлелі ретінде Атыраудың 2017 жылдың қортындысы бойынша «ең үздік федерация» атанғанын ерекше атап өтті.

Атырауда қазіргі күндері бокс үйірмелері барлық аудандарда жұмыс жасайды. Балалар-жасөспірімдер мектептерінде үйірмелер ашылып, мамандандырылған бокс клубы құрылған. Ауылдық жердегі жас таланттардың қалада білім алуы үшін жағдай жасалған. Жетістікке жеткен спортшыларға қаржылай сыйақы беріліп, түгел дерлік спорттық киім-кешектермен қамтылған.

Федерация президенті болып Данбай Шухрат Абдурашитұлы тағайындалды. Шухрат Абдурашитұлы бірнеше жыл бойы Павлодар облысының бокс федерациясын басқарғанын ескере отырып, тәжірбиесі мол маман ретінде айтуға болады. Жаңа президент алдағы 4-5 жылдыққа кешенді жоспар құрып, соның жолында аянбай еңбек ететінін жеткізді.

 

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді жазыңыз!
Өтінеміз, аты-жөніңізді дазыңыз