3-6 сәуір күндері Ақтау қаласында Бокстан Халықаралық дәрежедегі спорт шебері Талғат Қалимовты еске алуға арналған 2003-2004 ж.т жасөспірімдер арасындағы республикалық турнир өтті.

Жарысқа Өзбекстан және Тәжікстан, сондай-ақ Қазақстан Республикасының құрама командасы қатысты. Айдос Дәулетов бастаған Атырау облысы құрамасы 1 алтын, 1 күміс және 2 қола медальға ие болды.

60 келі салмақта Бітімов Бекзат жеңіске жетті. 54 келіде Зайыр Бейбарыс күміс жүлдегер атанса, 50 келіде Қонысбай Бекзат және 75 келіде Рахымов Арсен қола жүлдеге ие болды.

Айта кету керек, Бітімов Бекзат жарыс қорытындысы бойынша «ең үздік жекпе-жек» көрсеткені үшін арнайы марапатталды.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді жазыңыз!
Өтінеміз, аты-жөніңізді дазыңыз