26-30 наурыз күндері Ақтөбе қаласында бокстан әлем және Азия чемпионы, ҚР еңбек сіңірген спорт шебері Галиф Джафаровтың жүлдесіне арналған X Халықаралық турнир өтті.

Турнирге Қазақстаннан бөлек Өзбекстан, Тәжікстан, Ресей мемлекеттерінен 200-ге жуық спортшы қатысты.

Атыраулық спортшы Рүстем Айдан Халықаралық турнирде күміс жүлдеге ие болды. Жаттықтырушысы Қапсаламов З.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді жазыңыз!
Өтінеміз, аты-жөніңізді дазыңыз