24-29 маусым күндері Балқашта Жастар жылына орай 2003-2004 ж.т. жасөспірімдер арасында Халықаралық турнир өтті.

54 келі салмақта Зайыр Бейбарыс күміс жүлдеге ие болды. Ол алғашқы кездесуінде ресейлік боксшыны, екінші кездесуінде қарағандылықты тізе бүктірді. Жартылай финалда Өзбек қарсыласын ұтса, ақтық сында ел чемпионымен жұдырықтасып, есе жіберіп алды.

60 келіде Бекзат Бітімов үш кездесу өткізді. Ол алдымен Нұр-Сұлтан қаласынынң боксшысын, кейін ШҚО боксшысын ұтты. Жартылай финалда тәжірбиелі қарсылас, ел чемпионына 2:1 есебімен есе жіберіп, қола жүлдені иеленді.

Айта кету керек, Балқаштағы турнир спорт шеберлері, Аманбек Маканалин, Ерлан Норбеков және Жанат Сатеновтерді еске алуға арналған. Оған Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Қазақстанның мықты деген 200-ден астам спортшылары қатысты.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді жазыңыз!
Өтінеміз, аты-жөніңізді дазыңыз