16-20 шілде күндері Нұр-Сұлтан қаласында бокстан «VII Президент Кубогі» Халықаралық турнирі өтті. Дәстүрлі  турнирге 11 мемлекеттен 90 боксшы сынға түсті.

52 келі салмақта сынға түскен атыраулық боксшы Олжас Байниязов қола жүлдеге ие болды. Олжас іріктеу кезеңдерінде қазақстандық Қуандық Абай мен үндістандық Р.Амитті ұтты. Ал ақтық сында Шымкент қаласының боксшысы Махмуд Сабырханға есе жіберіп алды.

Айта кету керек, Олжас 2019 жылдан Атырау облысы сапында жұдырықтасып жүр. Ол маусым айында Батыр бабалар турнирінің жеңімпазы атанған болатын.

 

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді жазыңыз!
Өтінеміз, аты-жөніңізді дазыңыз